Қостанай қалалық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық сотының судьясы А.Б. Жауарова 2014 жылғы 23 сәуірде брифинг өткізді.

Брифингте «Қазақстан-Қостанай», «КТК» телеарналарының өкілдері, «Костанайские новости» мен «Наш Костанай» жергілікті газет тілшілері қатысты.

Аталған брифингті өткізуге жауапкер "Клиника Жемчужина" ЖШС-ға, үшінші тұлға "Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Департаменті" ММ-ға  моральдық зиянды өтеу туралы азаматша С. талап арызы бойынша азаматтық істің қаралуы негіз болды.

Талап арызды берудегі себебі 2013 жылғы тамызда «Клиника Жемчужина" ЖШС-ның гинеколог-дәрігеріне сырқаты жөнінде жүгінген. УЗИ-дан тексеріліп, тапсырған анализ нәтижесінен кейін оған диагноз қойылып, емделу курсы тағайындалған.

Бірақ емделуі аяқталса да жағдайы жақсармаған, қайтадан ауырған соң сол дәрігерге УЗИ тексерісі мен анализ нәтижелерімен барған. Аталған дәрігер қайтадан емделу курсын тағайындаған, алайда талапкер жағдайы оңалмаған.

Кейін басқа медициналық мекемеден қаралған талапкерге жүктілік диагнозы қойылған, «Клиника Жемчужина" ЖШС дәрігерінің қабылдауында болғанда талапкер жүкті болған, оны УЗИ тексерісі мен анализ нәтижелерінен кейін гинеколог-дәрігердің байқамауы мүмкін еместін.

Нәтижесінде талапкерге емдік дәрі-дәрмектердің әсер етуіне байланысты дамып келе жатқан іштегі нәрсестені дәрі қолдану арқылы түсік жасау жолымен жүктілікті үзуге тура келген.

Талапкер соттан, жауапкерден 1 000 000 теңге көлемінде  моральдық зиян өтемі мен сот шығындарын өндіруді сұрады.

Сот шешімінде моральдық зиянды өтеу бөлігіндегі талабын қанағаттандырудан бас тартылды.

 Брифингте судья А.Б.Жауарова БАҚ өкілдеріне шешім неге негізделіп қабылданғаны түсіндірілді. Өз кезегінде БАҚ өкілдері сауалдарына толық жауап алды.