Ұсақ бұзақылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

25.08.2014 жылы Аманкелді аудандық сотына Аманкелді АІІБ-нен осы ауданның тұрғыны азаматша Е.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабы 1 бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер) жиналған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсті.

2014 жылдың 20 тамыз күні кешкі сағат 19.00 кезінде азаматша Е-ва аудан тұрғыны И-қа тіл тигізіп, еш себепсіз оған балағат сөздер айтып, сыйламаушылық көрсеткен, осыған орай оның үстінен ІІБ-мен ҚР ӘҚБтК-ің 330 б. 1 б. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік іс сотқа түскен.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы өз кінәсін ҚР ӘҚБтК-ің 330 б. 1 б. толығымен мойындап, ІІБ-ің толтырған хаттамасымен, басқада іс материалдарымен толық танысқанын, құқықтары түсінікті екенін, 20.08.2014 жылы өздеріне мал қосқан аудан тұрғыны И-в малдың ақшасын әкеп беруге келген уақытта араларында ренжіс болғанын, содан ашумен оған тіл тигізгенін, араларында бұрын-соңды өшті қастылығы жоқ екенін, одан кешірім сұрайтынын, істеген ісі дұрыс емес екенін білетінін, өкінетінін, жеңіл жаза қолдануды сұрайтынын айтып көрсетті.

Аманкелді аудандық сотының қаулысымен азаматша Е-ға ҚР ҚК-нің 330 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 3 АЕК көлемінде, яғни 5556 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тартылды. Айта кетерлік жағдай – жәбірленуші И-в дәл осы баппен оған қатысты түскен әкімшілік іс бойынша осындай әкімшілік жауапқа тартылды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: