Архив событий

01/02/2017

Қостанай облысында коммуналдық кәсіпорын кассирі 4 млн. теңгеге жуық қаражатты иемденіп алуда айыпты деп танылды

01/02/2017

 

Қостанай аудандық соты ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) айыпталған 42 жастағы азаматша Ф-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Ол «Қостанай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не қарасты  «Затобол жылу-энегрия компаниясы»  КМК-да кассир болып жұмыс істеген.

Қайыршылықпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

01/02/2017

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1962 жылы туған азамат М-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында сағат 16.00 шамасында Қостанайдағы Чкалов көшесінің бойындағы "Березка" сауда үйінің маңында өткінші адамдардан ақша сұрап мазаларын алып, бұл әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот қаулысымен М. ҚР ӘҚБтК 449-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, бір тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.