Архив событий

07/02/2017

Жұбаймен ішімдік ішкен танысын мерт қылған әйелге қатысты үкім шықты

07/02/2017

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) айыпталған 33 жастағы азаматша Д-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды. 

Іс материалдары бойынша, өткен жылдың 23 маусымында сағат 07.00 шамасында азамаша Д. өзінің жұбайы К-мен және жас балаларымен қайтқан жерден  Қостанайдағы үйлеріне  келеді.

Полиция қызметкеріне тіл тигізген Жітіқара тұрғыны жүз сағаттық қоғамдық жұмыс істеуге міндетті

07/02/2017

Жітіқара қаласының 30 жастағы тұрғыны 2016 жылдың 24 желтоқсанында сағат 10.30 шамасында өзінің танысының үйінде бола тұра полиция қызметкерлеріне қатысты балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасы аясында тұрғын үйдің подъезіне кірген екен. 

Қызметтік формаларын киген полицейлердің қызметтік міндеттерін атқару үстінде екенін көрсе тұра әйел оларды балағаттап, тіл тигізген.

Сот барысында азаматша өзінің кінәсін мойындап, өкінетіндігін білдірді.

Лисаков тұрғынының өліміне айыпты деп танылған такси жүргізушісі 11 жылға сотталды

07/02/2017

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша айыпталған Витор Жмыховқа қатысты сот үкімін шығарды.