Архив событий

13/02/2017

Қостанайда масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 6 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

13/02/2017

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 4-бөлігі бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) айыпталған 1985 жылы туған азамат Т-ға қатысты әкімшілік істі қарады. 

Азамат әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап, 2017 жылдың 7 ақпанында сағат 20.35 шамасында Қостанайдағы Садовая көшесінің бойында «MitsubishiGalant» маркалы автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарып, «ToyotaLexusRx300» көлігімен соғылуға жол берген.

Рудныйда судьялар меншік құқығын тоқтату немесе мойындау даулары бойынша азаматтық істерді қарау мәселелерін талқылады

13/02/2017

Қостанай облысының Рудный қалалық сотында "Меншік құқығын тоқтату немесе мойындау даулары бойынша азаматтық істерді қарау, өз бетімен салынған құрлыс деп тану, өзге тұрғын орнын ұсыну арқылы үйден шығару" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шара жұмысына қалалық соттың азаматтық істерді қарау бойынша маманданған судьялары, прокуратура және қалалық әкімдік өкілдері қатысты.