Архив событий

17/02/2017

Қостанай облысында азамашаны қинаған тәртіп сақшыларына араша болуға әрекет жасаған полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шықты

17/02/2017

Бүгін Қостанай облысының Қарабалық аудандық сотына ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы және 422-бабы 1-бөлігі бойынша (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану, жалған айғақтар беруді параға сотып алу) айыпталған Қарабалық аудандық ІІБ басшысының орынбасарлары Амантай Ағайдаров пен Жангелді Әкіновқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды.

Қостанайда сот пара алды деп күдіктеліп отырған Қостанай облысының мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерін тұтқындауға санкция берді

17/02/2017

Бүгін Қостанай қаласының №2 соты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (пара алу) бойынша қарастырылған қылмыстық істі жасады деп күдіктеліп отырған 1974 жылы туған Қостанай облысының мемлекеттік кірістер департаментінің жедел-іздестіру қызметі басқармасының аға офицерін-бас маманын 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қанағаттандырды.

Федоров ауданында қайыршылықпен айналысқан Грузия азаматы 4 тәулікке қамауға алынды

17/02/2017

Федоров аудандық соты ҚР ӘҚБтК 449-бабы 3-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша  айыпталған 34 жастағы Грузия азаматы С-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында азамат С. Қостанай облысының Федоров ауданының Жаркөл бекетінде вокзалда, қоғамдық орында өткінші адамдардың мазасын алып, ақша сұраған. Осы әрекеті үшін оны тәртіп сақшылары ұстаған.