Архив событий

15/02/2017

Өзіне соққы салған таныстарынан кек алғаны үшін 22 жылға сотталған азаматқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

15/02/2017

Қостанай облыстық соты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы, 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1,3–тармағы бойынша (адам өлтіру, өлтіру үшін қастық жасау) сотталған Әулиекөл ауданының тұрғыны 32 жастағы В.Кочергинге қатысты қылмыстық істі қарады. Сотталушы өзінің апелляциялық шағымында жаза мерзімін қысқартуды сұраған.

Қостанайда сот пәтер құжаттарын жоғалтқан азаматшаның пәтерге меншік құқығын таныды

15/02/2017

Қостанай тұрғыны пәтерге меншік құқығын тану туралы өтінішімен қалалық сотқа жүгінді. 

Сот отырысы барысында азаматша 8 шағын аудандағы аумағы 34,4 шаршы метр болатын пәтерге 1987 жылы ордер алғанын мәлімдеді. Сол кезден бері аталған үйде ұрып келеді. Алайда құжаттарын жоғалтқандықтан меншік құқығын тіркей алмаған. Пәтер кооперативтік болып саналады және де 1986-1992 жылдар аралығында пәтер құны үшін ол 6 654 рубль төлеген.

Сотта өткен дөңгелек үстелде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселесі талқыланды

15/02/2017

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында   қазақ тілінің басымдығы сақталатындығын және оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінетіндігін мәлімдеді. Ал оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік тілді дамытуда әр сала өз үлесін қосуы керек. Тек сонда ғана әр қазақстандық қазақ тілін игеріп, еркін ойын жеткізіп, сөйлесе алатын болады.