Архив событий

06/02/2017

Қостанай облыстық сотында өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті

06/02/2017

Бүгін Қостанай облыстық сотында өткен жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысына арналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Шараға алқа төрағалары Арман Шәмшиев пен Владимир Долгих, БАҚ-пен жұмысты үйдестіруші судья Гүлманат Артықбаева қатысып, 2016 жылдың 12 айындағы облыс соттарында қаралған істер саны мен сапасына  тоқталды.  

Қостанайда сот шешімімен пәтері суға кеткен шағымданушы пайдасына жекеменшік пәтер иелері кооперативінен 550 000 теңге өндірілді

06/02/2017

Қостанай қалалық соты қала тұрғыны азаматша Н-ның «Наш дом» жекеменшік пәтер иелері кооперативінен пәтеріне су ағызу салдарынан келген материалдық шығынды өндіру туралы шағымын бойынша азаматтық істі қарады.

2016 жылдың 24 желтоқсанында жалпы қолданыстағы ыстық су құбырының жарылуы салдарынан шағымданушының пәтері суға кеткен. Оқиға салдарынан үй иесіне 550 мың теңге материалдық шығын келтірілген. Осыған орай шағымданушы сот арқылы жауапкерден көрсетілген сомманы және сот шығындарын өтіруді сұраған. 

Қостанай қалалық № 2 сотында жергілікті сот судьяларымен семинар өтті

06/02/2017

Қостанай қаласының №2 сотында облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Шәмшиевтің, облыстық сот судьясы Қ.Сәлмұхаметовтың, аудандық және оған теңестірілген сот төрағалары мен судьяларының қатысуымен семинар өтті.