Архив событий

21/02/2017

Қостанайдағы спорт мектебінің бас бухгалтеріне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

21/02/2017

Қостанай облыстық соты Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер футбол мектебі» КММ бас бухгалтері болған 32 жастағы Олесия Дациеваның және оның адвокатының бірінші сатылы сот үкіміне келтірген шағымы бойынша қылмыстық істі қарады.

Еске салсақ, ол өткен жылдың 23 желтоқсанындағы Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 189 бабы 3 бөлігі 1,2 тармағы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) айыпты деп танылған болатын.

Қылмыстық істе медиация қолданылды

21/02/2017

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық соты ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (тұрғын үйге заңсыз кiру арқылы ұрлық жасау) бойынша  қылмыстық істі қарауда медиация ресімін қолданды.

2016 жылдың 29 қаңтарында Ұзынкөл ауданының Бауман ауылында кешкі сағат 8 шамасында Н. азаматша Т-ның үйінің есігіндегі құлыпына тиісті кілтті тауып, үйді ашқан.

Үйдегі жәшіктен құны 5 000 теңге болатын әшекей бұйымдарды ұрлаған. 

Қылмыстық істер жөніндегі сот төрағасы студенттермен кездесу өткізді

21/02/2017

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетінің 3 курс студенттерімен кездесу өтті.