Архив событий

03/02/2017

Қостанай облысының соттары өткен жылғы жұмысты нәтижеледі

03/02/2017

Қостанай облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының орынбасары Жазбек Әбдиевтің және облыс судьяларының қатысуымен 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Өткен жылғы сот қызметінің нәтижесін сараптау облыстық соттың алқа төрағалары А.Шамшиев пен В.Долгихтің баяндамаларынан басталып, олар    жұмыс көрсеткіші бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Қостанайда ювеналдық сот республикалық «АСЫЛ БАЛА» Ассоциациясының филиалымен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум бекітті

03/02/2017

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және республикалық «АСЫЛ БАЛА» Ассоциациясының филиалы өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум бекітті.

Меморандум бекітудегі негізгі мақсат – кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі аясында ортақ шаралар ұйымдастыру болып табылады.

Рудный тұрғынына мектепте әдепсіз сөз айтқаны үшін айыппұл салынды

03/02/2017

Рудный қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1984 жылы туған азаматша Х-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында сағат 13.00 шамасында болған Х. мектеп ішінде азаматша И-ға қатысты  балағат сөздер айтқаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды.

Сот қаулысымен Х. әкімшілік жауапкершілікке тарытылып, 16 000 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.