Архив событий

04/05/2017

Денисов ауданында балабақшаға айыппұл салынды

04/05/2017

Қостанай облысының Денисов аудандық соты аудандағы бала бақшалардың біріне қатысты әкімшілік істі қарады.

Мектепке дейінгі мекеме 2016 жылы да ҚР ӘҚБтК 409-бабы 4-бөлігі 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге мәжбүрленген. Алайда, болған жайттан нәтиже шығармаған мекеме нормативтік құқықтық актілер талаптарын өрескел бұзып, өз жұмысын жалғастырған. Бұған дейінгі тексерісте анықталған кемшіліктерді жоюға шара қолданбаған.