Архив событий

05/05/2017

Қостанай облысының сот қауымдастығы ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

05/05/2017

 Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев бүгінде өмірден өткен Ұлы Отан соғысының және сот жүйесі ардагерлерінің жұбайларын 9 мамыр - Жеңіс Күні мерекесімен құттықтады. Мерекелік іс-шараға кезінде соғыс ардагерлерімен бірге жұмыс істеген сот жүйесінің қызметкерлері де шақырылды.

Төраға құттықтау сөзінде, 9 мамыр кейінгі ұрпақ үшін ерекше шуақыты күн екенін атап өтті.

Судьялар 94 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагеріне барып қайтты

05/05/2017

Бүгін Қостанай облыстық сотының судьясы Гүлманат Артықбаева және Қарабалық аудандық сотының  төрағасы Мирас Сатыбалдин 1923 жылы туған Ұлы Отан соғысының ардагері Чмутов Борис Дмитриевичке  барып қайтты.

Кездесу барысында ардагер соғыс жылдары, алған жарақаты жайлы әңгімеледі. 94 жастағы ардагер Қарабалық ауданындағы арнайы қызмет көрсету орталығында тұрады. 

Сот саласының өкілдері ардагерге мереке қарсаңында сыйлық жасап, зор денсаулық тілеп, бейбіт заман үшін алғыстарын білдірді.