Архив событий

03/05/2017

"Март" сауда орталығында жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берушіге қатысты іс сот қарауында

03/05/2017

Қостанай қалалық №2 сотына ҚР ҚК 273-бабы бойынша айыпталып отырған 1990 жылы туған М-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Іс материалдары бойынша ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Қостанайда ішімдік ішкен М. түнгі мезгілде 102 нөміріне қоңырау шалып, 28 қаңтарда сағат 18.00-де "Март" сауда - ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойғанын хабарлаған.

 М-ның қылмыстық әрекетінің салдарынан білгілі материалдық шығын келген.

Іс бойынша басты сот отырысы 12 мамырда сағат 10.00-де басталады.

Қостанайда адам өлтірді деп айыпталған екі азаматшаға қатысты сот үкімдері шығарылды

03/05/2017

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өздерімен бірге тұрған еркектерді өлтірді деп айыпталған екі әйелге қатысты қылмыстық істер бойынша сот үкімін шығарды

Жұмыстан шығаруды заңсыз деп тану және қайта жұмысқа орналасу жайы Қостанай қалалық сотында талқыланды

03/05/2017

Қостанай қалалық сотында "Жұмыстан шығаруды заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру және мәжбүрлі жұмыссыз жүрген уақытқа еңбекақы өндіру бойынша сот практикасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға облыстық сот судьясы А.Атжанова мен қалалық сот судьялары қатысты.

Судьялар сот тәжірбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты. Қалалық сот судьясы Г.Рахметуллина осы тектес істер санының артқанын атап өтті.

Қамысты аудандық сотының төрағасы ауылдарға шығып құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды

03/05/2017

Қамысты аудандық сотында ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті. 

Іс-шараға аудандық сот төрағасы Н.Жанакаев, судья Ж.Айжанова, аудан прокуроры Е.Төлеубаев, ІІБ басшысы Б.Иманов және оның орынбасарлары Б.Аубакиров, М.Аяпов, сондай-ақ кәсіби медиатор  Т.Сыздыков и аудандық газет редакторы Е.Бекмұхамедов қатысты.