Архив событий

12/05/2017

Қайыр сұраумен айналысқан азаматша Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды

12/05/2017

Қостанай облысының Жітіқара аудандық соты 20 жастағы Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік істі қарады.

Ағымдағы жылдың 10 мамырында азаматша Г. Жітіқара қаласындағы 11 шағын ауданда қайыр сұрап жүрген. Сотта өз кінәсін мойындаған әйел  Жітіқараға ақша табу үшін келгенін айтты. Алайда, жұмыс таба алмай, екі балаға тамақ табу үшін ол қайыр сұрауға мәжбүр болған. 

Сот алимент төлемеген Лисаковтың тұрғындарына қатысты жаза қолданды

12/05/2017

Жуырда Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ҚК 139-бабы бойынша ұзақ уақыт кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарған Лисаковтың екі тұрғынына қатысты істі қарады.

Екі жағдайда да жұбайларымен ажырасқан азаматтар сот шешімі бойынша жас балаларына алимент төлеу міндеттемелерін орындамаған.

37 жастағы азамат М. соңғы екі жылда 628 мың теңге, ал 41-жастағы азамат С. тоғыз жылдан бері балаларына 1,5 млн. теңге қарызданған.