Архив событий

17/05/2017

Сот қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік жаза тағайындалды

17/05/2017

Жангелдин аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша құқық бұзушы Н-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы 2015 жылғы ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 3 бөлігімен 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Алайда ол ағымдағы жылдың ақпан айында  аудан орталығының Ы.Алтынсарин көшесінің бойымен LADA-2130 маркалы автокөлігін басқару кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықта кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22 690 теңге айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.