Архив событий

16/05/2017

Жол-көлік оқиғасында анасынан айырылған Қостанай тұрғыны сотта көлік жүргізушісімен бітімгершілікке келді

16/05/2017

Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы қаза тапқан Қостанай тұрғыны  маршруттық автобус жүргізушісін жазалау үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгінген.

Жолдан өтпек болған 78 жастағы зейнеткерді автобус соғып, ол жарақат салдарынан ауруханада қаза тапқан. Жүргізушінің кінәсі өз дәлелін таппай, оқиға бойынша қылмыстық іс оның әрекетінде қылмыстық іс нышаны болмауына орай тоқталыған. Алайда, азаматша соттан әлеуметтік әділеттілік үшін жүргізушіден моральдық залал өніруді сұраған.

Қостанайда "Жасыл ел" штабының қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істің қаралуы басталады

16/05/2017

Қостанай қалалық №2 сотында "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабының Қостанай облысы бойынша филиалының басшысы 1989 жылы туған А-ға, менеджер Е-ге және төрт кәсіпкерге қатысты қылмыстық істің қаралуы басталады.

Құрылғылары электр қуаттылығынан істен шыққан Арқалық тұрғыны сотта ЖШС өкілімен бітімгершілікке келді

16/05/2017

Тұрмыстық электр құрылғылары істен шыққан Арқалық тұрғыны ЖШС-тен материалдық шығынды өндіру туралы шағымымен сотқа жүгінген. 

27 ақпанда сағат 01.30 шамасында шағымданушының пәтерінде тоқ қуаттылығының артуы салдарынан оның "Аристон" су жылтқышы мен ұялы телефонды қуаттандыратын үш құрылғысы жанып кеткен.

Сарыкөл аудандық сотында "Ашық есік күні" өтті

16/05/2017

Сарыкөл аудандық сотында азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп, тұрғындардың сотқа деген сенімі мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді. Азаматтарды қабылдауды аудандық сот төрағасы А.Дарбаев жүргізді.

Іс-шара барысында төраға қабылдауында Сарыкөл ауылының тұрғыны М.Байменова болды. Ол құжаттардың тиесілігін анықтау фактісі бойынша сауалымен келген. 

Сот төрағасы А.Дарбаев толық жауап берді.