Архив событий

30/05/2017

Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы ата-ана құқығынан айыру туралы дау медиация тәртібімен шешілді

30/05/2017

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істі медиация тәртібімен тоқтатты. 

Бір жарым жастағы баланың анасы азамат К-ны ата-аналық құқығынан айыру туралы шағымымен сотқа жүгінді. Сотта азаматша өз шағымын К-ның әкелік міндеттерін дұрыс атқармайтындығымен және балаға алимент төлемейтіндігімен түсіндірді.