Архив событий

11/05/2017

Қостанайда сот көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның азаматы жауапкершілікке тартылды

11/05/2017

Қостанай аудандық соты 35 жастағы Өзбекстан азаматы А-ға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік істі қарады.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 15 сәуірінде сағат 12.00 шамасында Қостанай ауданының Константинов ауылында Өзбекстан Республикасының азаматы А. анықталған.

Қостанай қалалық әкімшілік сотында "Ашық есік күні" өткізілді

11/05/2017

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді.

Азаматтарды аталмыш сот төрағасы Игорь Игоревич Дудин қабылдады. Сот жүйесіне халықтың сенімін арттырып, қоғамның құқықтық сауаттылығын аттыру мақсатында өткізіліп  тұратын іс-шараға азаматша Ж.Исляева келді. Ол әкімшілік іс бойынша сауалдарын қойды.

Сот төрағасы заң аясында шешу бойынша толық жауап берді.