Архив событий

17/10/2017

Сот отырысына мас күйінде келген азамат сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін 2 тәулікке қамалды

17/10/2017

Іс "Қостанай облыстық норкологиялық диспансер" МКК-нің науқас С-ны алты ай мерзімге алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу туралы шағымы бойынша іс Қостанай қалалық сотында қаралған. 

Алайда белгіленген сот отырысына 47 жастағы С. ішімдікке мас күйінде келген.

Сот қаулысымен С. ҚР ӘҚБтК 653-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, екі тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.