Архив событий

20/10/2017

Арқалықта сотқа құрметтемеушілік көрсеткен азаматшаға ескерту жасалды

20/10/2017
Арқалық қалалық соты ҚР ӘҚБтК 653-бабы 1-бөлігі бойынша (сотқа құрметтемеушілік көрсету) азаматша  Ж-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
Азаматша  Ж. ағымдағы жылдың 17 қазанында сағат 10.00-ге қылмыстық істі қарау бойынша сотқа шақырылған. Алайда, көрсетілген уақытта сотқа келмеген Ж. келмеуінің себебін де сотқа хабарламаған. Осыған орай сот істі қарауды кейінге қалдыруға мәжбүр болған.
Арқалық қалалық сотының қаулысымен азаматшаға ескерту түріндегі жаза тағайындалды.