Архив событий

31/10/2017

Анасына күш көрсетумен қорқытқан Қостанай тұрғыны 17 тәулікке қамауға алынды

31/10/2017

Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты 1966 жылы туған азамат И-ға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабы 2-бөлігі бойынша төрт әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ағымдағы жылдың 25-27 қазаны аралығында азамат И. өз үйінде бірнеше рет ұрыс шығарып, анасын балағаттап, күш көрсетіп, ұрып-соғумен қорқытып, мазасын алған. 

Сот отырысында И. өз кінәсін толығымен мойындады.

Қостанай облысында психатроптық заттар сатумен айналысқан топқа қатысты сот үкімі шықты

31/10/2017

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты интернет арқылы психотроптық заттар тартумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімін шығарды.

Сотталушылар Біріккен Араб Әмірлігі, Нидерланды және Қытай елдерінен Қазақстанға заңсыз психотроптық заттар тасмалдаумен айналысқан. Интернет арқылы аталған елдерге тапсырыс беріп, тиым  салынған тауарды Қостанай облысында өткізген. 

Сот үкімімен ҰҚТ мүшелері Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпты деп танылды.