Архив событий

11/10/2017

Қостанайда сот жасөспірімге қатысты тәрбиелік шара қолданды

11/10/2017

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кәмелеттік жасқа толмаған П-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде кешкі сағат бес шамасында П. Леонид Беда көшесінің бойында темекі қалдығын жерге лақтырған. Осы әрекетімен қоғамдық орынды ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысы барысында П. әкімшілік құқық бұзушылықта өз айыбын мойындаған.