Архив событий

25/10/2017

Қостанай облысында жаңа тағайындалған судьялар таныстырылды

25/10/2017

 Бүгін Қостанай облыстық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 20 қазанындағы Жарлығымен тағайындалған судьялар таныстырылды. Сонымен, Қостанай облыстық сотының судьясы болып Құралай Екішева, облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялығына Мылтықбай Қазтаев пен Манарбек Өрімбаев, Қарасу ауданының №2 сотына төраға болып Болат Көбеев тағайындалды.

Сотқа құрметтемеушілік танытқан Затабол тұрғыны бір тәулікке қамауға алынды

25/10/2017

Қостанай аудандық соты ҚР ӘҚБтК 653-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықта айыпталған Затабол кентінің тұрнығы П-ға қатысты істі қарады.

Ағымдағы жылдың 20 қазанында сағат 10.00 де П. Қостанай аудандық сотының ғимаратына ішімдікке мас күйінде келіп, осылайша сотқа құрметтемеушілік танытқан.

 

Сот отырысы барысында айғақ берген П. өз кінәсын толығымен мойындап, сотқа шақыру туралы қағазды өгей әкесі алып оны оятқанын, сондықтан сот ғимаратына ұйқысы қанбай келгенін айтқан.