Архив событий

24/10/2017

Қостанайда ішімдік сұрап мазасын алған жұбайын мерт қылған зейнеткерге қатысты қылмыстық іс қаралады

24/10/2017

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша айыпталған 58 жастағы Б-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 24  тамызында  кешке әйел күйеуімен және баласымен бірге үйде арақ ішіп, қала күнін атап өтеді. Ертесіне таңертең жұбайы мерекені тойлауды жалғастырмақ оймен зейнеткер әйелін оятады. Әйел ас үйде нан турап жатқан кезде күйеуі қасына келіп, дүкеннен қарызға арақ алып келуді сұрап тағы да мазасын ала бастайды.