15 тоты мен жанармайдың 100 талонын ұрлады деп айыпталушыға қатысты сот отырысы басталады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық №2 сотына ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі 2,3-тармақтары (ұрлық) бойынша айыпталып отырған 1991 жылы туған азамат А-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында сағат 04.00 шамасында А. Қостанайдағы "Дельфин"  зоодүкенінің құлпын бұзып кіріп, одан әр қайсы 15 000 теңге тұратын 5 үлкен тотыны, әр қайсының құны 5000 теңге болатын 10 кішкентай тотыны, 30 000 теңгенің тышқаны мен 11 000 теңгелік торды ұрлаған. Осылайша жәбірленушіге 166 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Арада бірнеше күн өткен соң, 31 қаңтарда «Единство и согласие» ЖШС кеңсесіне заңсыз енген А. "АИ-92" маркалы 10 литер жанармайға бекітілген 100 талонды қолды етіп, 141 000 теңге шығын келтірген.

Басты сот отырысы 3 сәуірде сағат 15.00-де басталады.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі