Ардақты арулар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімді жолдаймын.

Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, айрықша маңыз беріледі.

 Айтулы мереке күні Сіздерге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер толастамасын. Әр қайсыңыздың шаңырағыңызға бақыт және сәттілік тілеймін!

 

Құрметпен, А.Мерғалиев,

Қостанай облыстық сотының төрағасы