Қостанайда алаяқтықта айыпталып отырған мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері мен адвокатқа қатысты қылмыстық істер сот қарауына түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық №2 сотына ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның қызмет бабын пайдалануымен ірі мөлшерде алаяқтық жасауы) бойынша қарастырылған қылмыстық істі жасады деп айыпталып отырған 1974 жылы туған Қостанай облысының мемлекеттік кірістер департаментінің жедел-іздестіру қызметі басқармасының аға офицері - бас маманы К-ны және ҚР ҚК 28-бабы 4-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы және 368-бабы 1-бөлігі бойынша (параға сатып алу, ірі көлемде алаяқтық, парақорлыққа делдал болу) қарастырылған қылмыстық істі жасады деп айыпталып отырған Қостанай облысы адвокаттар алқасының адвокаты М-ға қатысты қылмыстық істер түсті.

Сот отырысының күні тағайындалған жоқ.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі