Қостанайда қылмыстық істер жөніндегі алқаның жаңа төрағасын таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін, Қостанай облысы сот қауымдастығына облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының жаңа төрағасы Шәмшиев Арман Жұмабайұлы таныстырылды.  Бұған дейін Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының төрағасы қызметін атқарған.

Арман Жұмабайұлы 1974 жылы Қызылорда облысының  Қызылорда қаласында туған. 1995 жылы ҚР ІІМ Алматы қаласы жоғарғы мектебін бітіріп, 1991-2004 жылдар аралығында ішкі істер органдарында, ҚР қаржы полициясында қызмет атқарып,  2004-2008 жылдарда Алматы қаласының Медеу аудандық соты судьясы, 2008-2013 жылдарда  Алматы қ. Алматы аудандық соты төрағасы, 2013 жылдан 2014 жылдың желтоқсанына дейін  Алматы қаласының Бостандық аудандық №2 сотында төрағасы болған. 

Облыстық сот төрағасы Ғалымжан Мырзаке  алқа төрағасына жаңа қызметте табыс тілеп, халық игілігі үшін қызмет істеуге тілектестігін білдірді.  «Сіздің жұмыс аумағыңыз оңай емес, дегенмен облыс судьялары білімді әрі білікті»,- деп атап өтті Ғалымжан Жарылқасынұлы.

Өз кезегінде А.Шәмшиев: - мен алқа төрағасы ретінде тиімді жұмыс істеу үшін бар жігерімді салам және ынтымақты жұмыс істейміз деп сенем, - деді.

Источник: 
Қостанай облыстық соты баспасөз қызметі
Теги: