Өз жұбайын сот залында өлтірді деп айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аманкелді аудандық сотының тергеу судьясының қаулысымен ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (қасақана адам өлтіру) бойынша қарастырылған қылмыстық істі жасады деп айыпталып отырған Н.Бекибаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. 

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 28 ақпанында сағат 10.00 шамасында неке бұзу туралы сот процесіне дейін азамат Н.Бекибаев азаматша  Ж.А.Таубаевамен сөзге келіп, күтпеген жерден аяқ кимінің ішінен пышақ алып, оған бірнеше рет сұққан. Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін қаза тапқан.

Өтінішті қарау нәтижесі бойынша жасалған қылмыстың ауырлығына орай сот Н.Бекибаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция беруге қаулы етті. 

      

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі