Рудныйда терроризм актісі бойынша көрнеу жалған хабарлаушы 3 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Рудный қалалық соты ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша (терроризм актісі бойынша көрнеу жалған хабарлау) айыпталған 1982 жылы туған Е.Рындинге қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалдары бойынша, үстіміздегі жылдың 15 қаңтарында Рудный қаласының Ленин көшесінде алкоголдік мас күйде болған Р. Рудный қалалық ішкі істер бөлімінің "102" нөміріне телефон шалып  «Стадион-Строитель» аялдамасында жарылғыш заты қойылғандығы туралы хабарлайды.

Аталған орынға барған полиция және арнайы қызмет өкілдері хабардың жалған екенін анықтаған.

Рудный қалалық сотының үкімімен Е.Рындин қылмыстық әрекетте айыпты деп танылып, ерекші тәртіптегі колонияда үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның әрекетіне қылмыстың кәнігі қайталануы танылды. 

 Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі