Сарыкөл сотында қылмыстық теріс қылық бойынша алғашқы іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген жаңа ҚР ҚК-ке сәйкес, бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер қылмыстық теріс қылыққа жатады.

Осы өзгеріске сай, Сарыкөл аудандық сотында ҚР ҚК 346 б. 1 б. (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруы) бойынша алғашқы қылмыстық құқық бұзушылық туралы іс қаралды.   

Іс материалдары бойынша, аз. С. 2014 жылдың 5 желтоқсанында АІЖК 484 б. 2 б. қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін Қостанай қ. әкімшілік сотының қаулысымен 6 айға- 2015 жылдың 5 маусымына дейін жүргізуші куәлінен айрылу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алайда, арада 1 ай мерзім өткесін ол тағы да әкімшілік құқық бұзушылық жасап, бұл жолы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

2015 жылдың 3 қаңтарында сағат 3.30 шамасында азамат С. Сарыкөл ауылының М.Батыр көшесі бойында көлікті мас күйінде басқарған.

Сот үкімімен азамат С. ҚР ҚК 346 б. 1 б. қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, 25 АЕК көлемінде, яғни 49550 теңге айыппұл төлеу және үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылу жазасына тартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Сарыкөл аудандық соты