Ювеналды сот судьясы кәмелетке толмағандарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктеріне тоқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ж.Метаев "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Қостанай ауылшаруашылық колледжі базасында өткен шара жұмысына Қостанай аудандық прокуратурасының, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері, псигологтар, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Ж.Метаев кәмелетке толмағандардың және олардың заңды өкілдерінің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылу ерекшеліктері мен қылмыстық жауапкершілікке тартылудың құқықтық әсері туралы айтты.

Прокуратура және ювеналды полиция қызметкерлері кездесуге қатысушыларға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталып жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы мәлімдеді.

Аудандық орталық аурухана психологы С.Жмак ішімдіктің, есірткі заттарының әлі қатая қоймаған жасөспірім ағзасына қандай зиян келтіретіндігі, оның әсері туралы әңгімеледі.

Шара барысында оған қатысушылар пікір алмасып, студенттер пен оқытушылар сауалдарына жауап берді.

 

 

Источник: 
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты