Полицияға бағынбағаны үшін 2 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін құқық бұзушы Ж. екі тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. 2014 жылы 16 сәуірде сағат шамамен 20.45 кезінде Аманкелді ауданы Байғабыл ауылының тұрғыны Ж. ішімдік ішкен күйінде полиция қызметкерінің мастығын анықтау үшін жедел жәрдем бөліміне бару туралы заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсетіп, балағаттағаны анықталды. Осыған орай оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 355-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс Аманкелді аудандық сотына  түсті. 18 сәуірде өткен ашық сот мәжілісінде Ж. кінәсін толық мойындап, әкімшілік хаттамамен және дәрігерлік қорытындымен танысқанын, құқықтары түсіндірілгенін, істеген іс-әрекетіне өкініп, өзіне жеңіл жаза қолдануды сұрайтынын айтқан. Сот қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 355- бабы 2–бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.