Қылмыстық істер жөніндегі сот төрағасы студенттермен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетінің 3 курс студенттерімен кездесу өтті. 

Шара барысында сот мамандары студенттерді сот отырысы хатшыларының, сот кеңсесінің, мұрағат пен кадификатор жұмысымен таныстырды. Сот отырысының залдарын, дыбыс-бейне жазу жүйесін көрсетті. Сонымен қатар, сот төрағасы Е.Сералин студенттермен пікір алмасып, соттың негізгі ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын түсіндірді.

Кездесу барысында студенттер алқабилер соты жайлы сауалдарын қойды. Сот төрағасы алқабилерді іріктеу рәсімі жайлы айтты. 

Келешекте студенттер сотта өндірістік тәжірибеден өтіп, ашық сот отырыстарына қатысатын болады.

 

Источник: 
Қостанай облысының қылмыстық соты