Денсаулыққа жеңіл зиян келтiрді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабы 2-бөлігі бойынша азамат  К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2014 жылғы 06 ақпанда сағат 8-дер шамасында Қостанай ауданы Заречный ауылының Заречный орта мектебінде азамат К. 07.02.2000 жылы туған кәмелет жасқа толмаған А.-ға жеңіл дене жарақатын келтірген.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін ішінара мойындады. Заречный орта мектебінде шаруашылық бөлім жөніндегі директор орынбасары болып жұмыс істеген. Оның түсіндіргені - 2014 жылғы 6 ақпанда таңертең жұмысқа келгенде дәлізде жарық жағып, екінші қабатқа көтерілген. Сол уақытта дәлізде оқушылар жүгіріп жүріп, соңынан жарықты өшірген. Неге олай жасап жатқандарын білу үшін бірінші қабатқа қайта оралғанда, одан қашып бара жатқан балаларды көрген, соңғы оқушы есікті қатты жапқан. Соңдарынан гардеробқа келгенде, есікті қатты жапқан оқушыны таныған. «Неге олай жасадың?» деген сұрағына, оқушы кінәсін мойындамаған. Содан соң екі рет саусағымен шекесінен нұқып, қолынан ұстап, сілкіген. Дене жарақатын келтіру ойы болмаған. Жасаған әрекетіне қатты өкінеді.

Сот қаулысымен азамат К. әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған мемлекет пайдасына 50 АЕК  – 92 600 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.