Қостанайда адам өлімі орын алған жол-көлік оқиғасына жол берген жүргізушіге қатысты сот үкімі шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай қалалық №2 сотында "Қостанай облыстық әкімдігінің жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма" ММ-де бас маман болып қызмет атқарған Марат Жолдыбаевқа қатысты сот үкімі шығарылды. 

30 жастағы азамат ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуынан абайсызда екі не одан да көп адам өліміне әкеп соғу) бойынша айыпталған болатын.

Өткен жылдың 13 қыркүйегінде сағат 16.30 шамасында "Қостанай-Рудный" тасжолының 16 шақырымында жүргізуші М.Жолдыбаев  Lada 21703 маркалы автокөлігін шаршаңқы күйде басқарып, рөлде отырып ұйықтап кеткен. Нәтижесінде жолдың қарсы қозғалыс бетіне шығып кетіп, Камаз 5410 көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік аударылып, ішіндегі екі адам оқиға орнында қаза тапқан. 

Сот үкімімен М.Жолдыбаев кінәлі деп танылып, оған қоныс колониясына 5 жылға бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы сот залында қамауға алынды.сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі