Тұз қышқылын сақтағаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарасу аудандық соты 2014 жылғы 08 сәуірде ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабы 1-бөлігі бойынша азамат Н.-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты. 18.03.2014 жылы азамат Н.-нің гаражында ерекше иісі бар сұйықтығымен шыны табылған, 2014 жылғы 20 наурыздағы №955 сарапшының қорытындысы бойынша прекурсорға жататын сұйық тұз қышқылы болып танылған.

Сот қаулысымен оған 9260 теңге әкімшілік айыппұл және 5262 теңге іс жүргізу шығындарын өндіріп алу жазасы тағайындалды, тұз қышқылы мен шыны пайдалануға тыйым салынғандықтан жойылатын болды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.