қылмыстық жауапкершілік

Үкім жарияланды

18/04/2014

Қостанай қаласының №2 сотында 2014 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қолдан жасаған азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық ісі бойынша үкім жарияланды.

Халыққа компьютерлік қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жүрген жеке кәсіпкер азамат Ж. ресми құжатты қолдан жасау жолымен, дәлірек ҚР азаматының жеке куәлігін заңсыз жалған құжатты сол күні өз еркімен полиция қызметкерлеріне берген азамат С.-ға 8 000 теңгеге өткізген.

Паркте тауып алған оқтар

17/04/2014

Өткен жылы жазда Жамбыл атындағы паркте серуендеп жүрген азамат С. ішінде 6 оғы бар қағаз қорабын тауып алады. Үш оғы "Макаров" жүйесіндегі пистолетке, үшеуі "Калашников" автоматына тиесілі. Экспонат ретінде оқтарды өзімен алып кетуді шешіп, Жітіқара қаласындағы өз үйінде сақтаған.

Аталған оқ-дәрілерді сатып алу мен сақтау бойынша әрекетін заңсыз екенін білсе де, экспонат ретінде оған ие болу қызығырақ болған. Сонымен қатар, әскерде борышын өтеп, "Калашников" автоматынан атқандықтан оқ-дәрілер туралы түсінігі бар екен.

Заңсыз кәсіпкерлігі үшін бас бостандығынан шектетілді

17/04/2014

 

2014 жылғы 14 сәуірде жеке кәсіпкер азаматша Д.-ға қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Заңсыз кәсіпкерлігі үшін Қарабалық аудандық сотының үкімімен 1 жылға бас бостандығынан шектетілді.

Жеке кәсіпкер бола тұра азаматша Д. Қарабалық ауылында едәуір көлемде және әрі қарай өткізу мақсатында ішімдік өнімдері түріндегі акцизделетін тауарларды сақтаумен арнайы рұқсаты болмай (лицензиясы) кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Күзет қызметінің полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды

16/04/2014

Қостанай қаласы №2 сотында 2014 жылғы 16 сәуірде күзет қызметінің полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісі бойынша үкімді жариялауда Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері қатысты.

Соттың анықтағаны, 2014 жылғы 14 наурызда түскі үзілісте жүк тиеуші Н. қоймаларға баратын бақылау-өткізу орнынан өткенде, күзеттегі полиция қызметкері М. тоқтатып,  жүк тиеуші Н.-дан ұрланған, іздестіруде жүрген телефонды қарау және базадан тексеру үшін ұялы телефонын ұсынуды сұраған.

Героин қорапшасы

16/04/2014

 

Жітіқара аудандық соты салмағы 1, 67 грамм героин - есірткі затын сақтағаны үшін 2014 жылғы наурызда полиция қызметкерлері ұстаған азаматша П.-ға қатысты үкім шығарды. Сотталушының сөзіне қарағанда,  наурыз күндерінің бірінде қалада серуендеуге шыққан, шылым шеккісі келген, алайда сіріңкесі болмаған. 6-шағын ауданның № 16 үй маңынан өтіп бара жатқанда, 1 және 2 үй кіреберіс арасында сіріңке қорапшасын тауып алған. Үйдің кіреберісіне еніп, тауып алған қорапшасын ашқанда ішінен екі  оралған ұнтақ тәрізді зат пен дәріні көрген.

Телефон терроризмі ісі бойынша үкім

15/04/2014

Таран аудандық соты 2014 жылғы 11 сәуірде  ҚР ҚК-нің 242-бабында көзделген қылмысты жасауда азаматша С.-ны айыптау бойынша қылмыстық істі қарады.

 Бұдан бұрын аталған істің Таран аудандық сотына түскені туралы жазған болатынбыз.

Тонау үшін сотталды

15/04/2014

 Рудный қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 178-бабы  1-бөлігінің «а» тармағында көзделген қылмысты жасауда сотпен кінәлі деп танылған  азамат Б.-ға қатысты үкім жарияланды. Азамат  Б. мүлкін тәркілеусіз, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.