Үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жітіқара аудандық соты 2014 жылғы 25 сәуірде ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі, 121-бабы 1-бөлігі, 121-бабы 2-бөлігінің «г» тармағында көзделген қылмыстарды жасауда азамат А.-ға қатысты үкім шығарды.

Өткен жылдың желтоқсан айында ол екі әйелді зорлаған. Жасалған қылмыстар нәтижесінде жәбірленуші денсаулықтарына зиян келтіріліп, олар дене жарақатын алған. Бір күннен кейін қылмыс қайталанғандықтан аталған қылмыстар қалада кең қоғамдық пікір туғызды.

Аудандық сот азамат А.-ға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді. Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орнында сотталушы А.-ға психиатр-дәрігердің бақылауы орнатылатын болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.