Күзет қызметінің полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласы №2 сотында 2014 жылғы 16 сәуірде күзет қызметінің полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісі бойынша үкімді жариялауда Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері қатысты.

Соттың анықтағаны, 2014 жылғы 14 наурызда түскі үзілісте жүк тиеуші Н. қоймаларға баратын бақылау-өткізу орнынан өткенде, күзеттегі полиция қызметкері М. тоқтатып,  жүк тиеуші Н.-дан ұрланған, іздестіруде жүрген телефонды қарау және базадан тексеру үшін ұялы телефонын ұсынуды сұраған.

Сол күні түстен кейін айыпталушы М. жүк тиеушіге оның ұялы телефоны ұрланған ретінде есепте тұрғанын хабарлаған, түсініктіме жазуды өтінген, содан соң 5000 теңге тұратын телефонды мән-жайды анықтау үшін алып қойған, кейін өзі ие болған.

Әрі қарай айыпталушы М. азамат Н.-ны жаңылыстырып, полиция қызметкерлері оны телефон ұрлығы үшін жауапкершілікке тартып, 15 тәулікке қамағылары келіп жүр деген. Сонымен қоса, Қостанай қаласының ІІБ танысы барын, мәселені 7 000 теңге сомасында ақшалай сыйақыға шешуге болатынын айтқан.

2014 жылғы 18 наурызда айыпталушы М. 7 000 теңге ақша қаражатына ие болған.

Бұрынғы күзет қызметінің полиция қызметкері ҚР ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігінің "г" тармағы, 28-бабы 4-бөлігі, 312-бабы  2-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылды. Мемлекеттік органдарда 2 жылға дейін қызмет ету құқығынан айырылып, түпкілікті 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Полиция қызметкері арнайы полицияның аға сержанты атағынан айырылды.

ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес 1 жылға дейін сынақ мерзімімен тағайындалған жаза шартты болып саналды. Пробациялық бақылау орнатылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.