Телефон терроризмі ісі бойынша үкім

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Таран аудандық соты 2014 жылғы 11 сәуірде  ҚР ҚК-нің 242-бабында көзделген қылмысты жасауда азаматша С.-ны айыптау бойынша қылмыстық істі қарады.

 Бұдан бұрын аталған істің Таран аудандық сотына түскені туралы жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылғы 28 наурызда сағат 19.27 шамасында  Таран ауданы Тобол ауылында айыпталушы С. №116 Тобол орта мектебіндегі жұмыс орнында, қызметтік телефоннан аталған мектепте әлеуметтік педагог болып жұмыс істейтін азаматша Т.-ның үй телефонына қоңырау шалған. Мектептің қызметтік телефонына белгісіз ер адам №116 Тобол орта мектебіне жарылғыш қондырғы қойылғаны туралы хабарлады деп жаңылыстырған. Өз кезегінде азаматша Т. Таран АІІБ Тобол АПБ полициясының кезекші бөліміне дайындалып жатқан террорлық акт туралы хабарлаған.

Сот үкімімен сотталушы С. ҚР ҚК-нің 242-бабында көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылды, оған тұрғылықты жері бойынша  мамандандырылған орган бақылауында жазасын өтеумен, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.