Арқалықта бюджеттің 1,5 млн. теңгесін қымқырған бухгалтер 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арқалық қалалық соты «Арқалық қалалық мәслихаты аппараты» ММ-де бас бухгалтер болып жұмыс істеген 51 жастағы Лейла Бараковаға қатысты қылмыстық іс бойынша  сот үкімін шығарды.

2011 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі алты жыл ішінде азаматша өзінің есеп-картасына 1 274 663 теңге және өз несиесін жабу үшін шағын несие беретін ұйым шотына 125 000 теңгені заңсыз аударған. Осылайша, мемлекеттік мекемеге 1 400 000 теңге көлемінде залал келтірген.   

Осы уақыт аралығында Л.Баракова өзінің жұбайымен тұрған, ал үш баласы  кәмелеттік жасқа толған. Бухгалтер өзінің заңсыз әрекетке баруын қаржылық қиын жағдайға тап болуымен түсіндірген. Балалардың оқу ақысын, өзінің несиесін төлеу керек болған.    

Істі қарау нәтижесі бойынша Л.Баракова қылмыстық құқық бұзушылықта айыпты деп танылып, оған бес жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі