Екі көлік жүргізуші зардап шеккен жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат 20 тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 6-бөлігі бойынша айыпталған 41 жастағы адамат Т-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде сағат 10.00 шамасында Қостанайда азамат Т. жүргізуші куәлігі болмауына қарамастан "ВАЗ 21043" маркалы автокөлігін басқарып, Абай-Толстой көшелерінің қиылысында  «Hyunday» автокөлігімен соғылған. Соққы серпіні салдарынан екінші көлік  «Volkswagen» маркалы көлікке соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы көліктерді зақымдап, иелеріне материалдық залал келтірген.

Сот қаулысымен азамат Т. әкімшілік құқық бұзушылықта айыпты деп танылып, 20 тәулік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі