Үкім өзгеріссіз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Қостанай қалалық сотының бұрынғы судьясы С.Б.Кашкинбаевқа қатысты Қостанай қаласы №2 сотының үкімін өзгеріссіз, адвокат пен сотталушының апелляциялық шағымдарын, прокурор наразылығын қанағаттандырусыз қалдырды.

Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылғы 17 ақпанда Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен С.Б.Кашкинбаев  ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 311-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасауда кінәлі деп танылып,  оған 3 жылға дейiнгi мерзiмге сот жүйесінде қызмет атқару құқығынан айыру, мүлкiн тәркiлеу, жалпы тәртіптегі түзеу колониясында бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

В.К.Глушковтың пайдасына әрекеті үшін С.И.Лапыреноктан пара алуға оқталу эпизоды бойынша қылмыс оқиғасының болмауынан ақталғантын.

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысы заңды күшіне енді.