Заңсыз ойын бизнесін ашқан 27 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша (ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру) айыпталған 1990 жылы туған К.-ге қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың тамызынан желтоқсаны аралағында Қостанайда алдын ала келісу арқылы тергеумен анықталмаған адам тобымен Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңына қайшы әрекетке барып КСК шағын ауданында екі орында лотерея ойыны ретінде көзбайлаушылық жасап, ойын бизнесін ұйымдастырған.

Айыпталушы прокуратурамен айыбын мойындау туралы келісім жасады.

Сот үкімімен К. қылмыстық әрекетте айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығын айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Пресс-служба Костанайского областного суда