Жангелдин аудандық соты алты бала тәрбиелеген Жамал апаны "Қарттар күнімен" құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жангелдин аудандық сотының ұжымы «Қарттар күнімен» сотта 25 жыл еңбек еткен Жамал Назарованы құттықтады. Алғашында Жамал апай аудандық сотта хат тасушы одан  сыпырушы болып жұмыс істеп сол жерден зейнеткерлікке шыққан.

Жамал апайдың жұмыс істеген уақытында сот ұжымы бірнеше рет ауысқан, бірақ әрбір судья мен әрбір маман оның есінде қалған, ол жөнінде аудандық соттағы жұмысы туралы жағымды естеліктермен қонақтармен бөлісу барысында айтты.

Жұбайының ерте қайтыс болғанына қарамастан Жамал апай алты бала тәрбиелеп, «Күміс алқа» төс белгісімен марапатталған, қазір немерелерінің тәрбиесімен айналысуда. Жамал апай ұлдарының бірі бүгінде Жангелдин аудандық сотында жұмыс істейді.

Источник: 
Жангелдин аудандық соты