Архив событий

26/06/2017

Қостанай қалалық сотында тағылымдамадан өтушілер көрсетілімді сот процесін өткізді

26/06/2017

Қостанай қалалық сотында судьялық лауазымға кандидаттар мен сот мамандары көрсетілімді сот процесін өткізді. Тағылымдамадан өтушәлердің судьялық қызметке кәсіби деңгейдегі дайындығын бағалауға облыстық және қалалық соттың кәсіби судьялары шақырылды. Сондай-ақ сот мамандары қатысты.

Кандидаттар судья, талапкер, талапкер өкілі, жауапкер және үшінші тұлға рөлдерін сомдады. Көрсетілім түріндегі сот процесінде ерлі-зайыптылар ипотекаға алған пәтер түріндегі мүлікті бөлу түріндегі іс қаралды. Істі қарау барысында тараптар медиативтік келісімге келді.