Архив событий

29/06/2017

Қостанайда сот суық судан ағытылған азаматшаның құқығын қорғады

29/06/2017

Қостанай тұрғыны тұрғын үйін суық судан ағытқан жеке пәтер иелері кооперативінің әрекетін заңсыз деп тану туралы шағымымен сотқа жүгінген. Азаматша 1997 жылы жер телімі бар жеке тұрғын үй сатып алған. Кейін жер теліміне жаңадан үй тұрғызып, 2012 жылы пайдалануға берілген. Ескі үйде су болмаған.

Ювеналдық сотта «Ашық есік күні» өтті

29/06/2017

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізіліп, оған ата-ана құқығынан айыру және әкелікті анықтау сауалдары бойынша екі тұрғын келді.

Сот төрағасы қойылған сауалдарға жауап беріп, сұрақтар төңіріегінде неке және отбасы заңнамалары нормаларын түсіндіріп, сотқа ұсынылуы тиіс қажетті құжаттар туралы айтты.