Архив событий

09/06/2017

Аса қатыгездікпен адам өлтірген Лисаков тұрғындары 18 және 19 жылға сотталды

09/06/2017

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5,7 тармақтары бойынша айыпталған 22 жастағы  Геннадий Кудинов пен 25 жастағы  Александр Саринге қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды. 

Сот Әзербайжан азаматшасына көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салды

09/06/2017

Қостанай аудандық соты ҚР ӘҚБтК 517-бабы 6-бөлігі бойынша (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша айыпталған азаматша Г-ге қатысты әкімшілік істі қарады. 

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 6 маусымда сағат 11.30 шамасында Қостанай ауданының Затабол кентінде көші-қон заңнамасын бұзған Әзербайжан Республикасынвң қазаматшысына қатысты факт анықталған.

Қостанайда жұбайын аңшылық мылтықпен атқан әйелге қатысты сот отырысы басталады

09/06/2017

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2 маусымда ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) айыпталған 35 жастағы М-ға қатысты қылмыстық іс қаралады.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 12 сәуірінде сағат 01.00 шамасында Қостанай ауданының Жақсылық ауылында ішімдікке мас болған М. өзімен бірге тұратын И-мен келіспей қалған.

Кикілжің барысында сейфтен 12 калибрлы аңшылық қаруды алған М. қасақана жәбірденушінің кезудесіне оқ атқан. 

Кезекті интернет-конференция барысында Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев өңір тұрғындарының сауалдарына жауап берді

09/06/2017

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев облыс тұрғындарымен интернет конференция өткізді. Өткізілетін іс-шара туралы облыс тұрғындарына облыстық соттың ресми сайты арқылы алдын ала хабарландыру жарияланған болатын.

Іс-шара барысында облыстың бірнеше тұрғынынан сауалдар түсті. Сұрақтар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты болды.