Архив событий

05/06/2017

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

05/06/2017

Ағымдағы жылдың 8 маусымында сағат 09.00-ден 11.00-ге дейінгі аралығында Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді. Осы уақыт аралығында 714-0801@sud.kz  электронды адресіне өз сауалдарыңызды жолдай аласыздар.

Сауладарға жауап сол күні төраға блогында жарияланатын болады.

 

Қостанай қаласы әкімшілік сотының төрағасы брифинг өткізді

05/06/2017

Бүгін Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Игорь Дудин БАҚ өкілеріне брифинг өткізді. 

Төраға жыл басынан бері қаралған әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Сондай-ақ И.Дудин әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелген тұлға сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейінгі 30 күн ішінде айыппұлды төлеуге міндетті екенін айтты. Аталған мерзім өткеннен соң әрекет ҚР ӘКБтК 669-бабымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. 

Қостанай облысының тұрғыны 10 жылға сотталды

05/06/2017

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша (адам өлтіру) 32 жастағы Андрей Кушнирге қатысты сот үкімін шығарды.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 14 ақпанында сағат таңғы төрт шамасында Қарабалық ауданының Ворошилов ауылында бірге ішімдік ішкен  А.Кушнир мен жәбірленуші П. арасында келіспеушілік туындаған. Оған  қайтарылмаған қарыз себеп болған. Кикілжің барысында А.Кушнир жәбірленушіні пышақпен жарақаттап, ол оқиға орнында қаза тапқан.